Алматы облысында интернет алаяқтардың жартысынан көбі ұсталды

14.04.2025 08:35

Бұл жедел-іздестіру шараларының тиімді ұйымдастырылғанын және халықпен өзара іс-қимыл деңгейінің артқанын көрсетеді

Moritz Kindler/unsplash.com/

Алматы облысында интернет алаяқтардың жартысынан көбі ұсталды. Аймақта ұрлыққа қатысты қылмыстар санының тұрақты түрде азайып барады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, осы жылдың бірінші тоқсанында бөтеннің мүлікін ұрлау деректерінің тіркелуі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,7%-ға азайған. Әсіресе ауыр санаттағы ұрлықтар санының 45,7%-ға төмендеуі ерекше көрсеткіш болып отыр.

Сонымен қатар, бұл санаттағы қылмыстардың ашылу деңгейі де жақсарды. Жалпы ашылу көрсеткіші 7,4%-ға өскен, ал ауыр ұрлықтар бойынша бұл көрсеткіш 17,2%-ға артқан. Бұл жедел-іздестіру шараларының тиімді ұйымдастырылғанын және халықпен өзара іс-қимыл деңгейінің артқанын көрсетеді.

Сондай-ақ мал ұрлығы деректері де 19%-ға төмендеген. Өңір ауыл шаруашылығы саласының маңыздылығын ескере отырып, бұл мәселе ерекше бақылауда тұр. Жергілікті учаскелік инспекторлар мен мобильді топтардың қатысуымен жүзеге асырылған профилактикалық шаралардың тиімді нәтижесі байқалуда.

«Интернет-алаяқтықпен күрестегі айтарлықтай жетістіктерді атап өткен жөн. Өткен жылы бұл қылмыстардың ашылу деңгейі небәрі 20,6% болса, биылғы көрсеткіш 52,6%-ға жетті. Мұндай нәтижеге заманауи технологияларды белсенді қолдану, цифрлық іздерді талдау және тиісті ведомстволармен өзара әрекеттесу арқылы қол жеткізілді», – деп мәлімдеді полиция өкілдері.

Оқи отырыңыз: ҰБТ-ға дайындық: Қазақстанда репетитор қызметі қанша тұрады