Еріктілердің айтуынша, әйел 30 қаңтарда өлі табылған
2024 жылғы күзде жоғалып кеткен Алматы облысының тұрғыны екі айдан кейін өлі табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
1994 жылы туған Хамит Айша Мұратбекқызы 26 қарашада жоғалып кеткен. Бұл күні ол Еңбекшіқазақ ауданы Қырбалтабай ауылы Наурыз көшесі 6-үйден шыққан.
Белгілері: бойы 160 сантиметр, дене бітімі арық, шашы ұзын қара, көзі қоңыр.
Үстінде қара қысқа күрте, хиджаб киген.
Еріктілердің айтуынша, әйел 30 қаңтарда өлі табылған. Өлімнің мән-жайы айтылмады.
Оқи отырыңыз: "Дикий Арман" өзіне қол салмақ болған ба: ҚАЖК мәлімдеме жасады