Алматы облысында өнеркәсіптік аймақтан алапат өрт шықты

Алматы облыстық ТЖД
Алматы облыстық ТЖД

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

20 наурызда күндіз Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Іле ауданы Боралдай ауылындағы өнеркәсіптік аймақта орналасқан қоймада өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Қоймада азық-түлік өнімдері мен автокөлік майлары сақталған, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өрттің аумағы шамамен 600 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел әрекетінің арқасында өрттің бүкіл қойма аумағына және жанында орналасқан үш қабатты әкімшілік ғимаратқа таралуына жол берілмеді, өрт сағат 17:17-де оқшауланды», - деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебін анықтау үшін оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-ның өрт зерттеу сынақ зертханасы және анықтау бөлімі жіберілді.

Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД-ның 34 қызметкері және 13 техникасы, Алматы қаласы ТЖД-ның 6 қызметкері және 1 техникасы жұмылдырылды.

Алматы облысы ТЖД өнеркәсіптік нысандар мен қоймаларда өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау қажеттігін еске салады.

Оқи отырыңыз: Қазақстаннан тазыны басқа елге әкетуге толық тыйым салынуы мүмкін

Новости партнеров