Алматы – таза көшелер: Жетісу ауданында 13 техника мен 35 жұмысшы іске кірісті

03.03.2025 20:19

Айнабұлақ шағынауданындағы аулаларды 5 техника мен 15 адам тазартады

«Алматы – таза көшелер» акциясы аясында Жетісу ауданында 13 техника мен 35 жұмысшы іске кірісті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Науқанның бірінші кезеңінде аялдамалар, жол белгілері, жарықтандыру құралдары және басқа да инфрақұрылым нысандары тазаланбақ. Қазір Айнабұлақ, Құлагер, Көкжиек, Кемел шағынаудандарында және магистральды көшелерде санитарлық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 «Алматы Тазалықта» 2011 жылғы 1 сәуірден бастап жұмыс істеймін. 14 жыл болды. Негізгі жұмыс – Алматының тазалығын сақтау. Осы Жетісу ауданы бойынша 6 участок бар, – деді Алматы тазалық» мекемесінің қызметкері Асқар Алдабергенов.

Ал солтүстік айналма көшесінің тазалығы үшін 8 арнайы техника мен 20 жұмысшы тартылған. Айнабұлақ шағынауданындағы аулаларды 5 техника мен 15 адам тазартады.

 «Кей адамдар қолымыздан сыпыртқымызды, күрегімізді алып көмектесетін жастар бар. Бәріне топырақ шашпаймы.  Бірі дұрыс түсінеді, енді бірі түсінбейді, – деді жұмысшы Бахаргүл Садық.

Оқи отырыңыз: Алматы - біздің ортақ үйіміз: 12 мыңға жуық қоқыс жәшігі орнатылады