Алматыда 181 мопед айыптұраққа қойылды

14.04.2025 11:00

Алматыда полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігін, мопедті тіркеуді тексеру үшін рейд жүргізіп жатыр

boris misevic/unsplash.com/

5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді басқаруға және жүргізуші куәлігінсіз жүргізуге тыйым салынды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қазақстанда 5 сәуірде жаңа заң нормалары күшіне енді, оған сәйкес мопедтер ресми түрде механикалық көлік құралдарына теңестірілді. Бұл өзгеріс көлік қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және жолдағы тәртіпті нығайту мақсатында енгізілді.

Алматыда полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігін, мопедті тіркеуді тексеру үшін рейд жүргізіп жатыр.

"Жаңа ережелер күшіне енген күнен бері мегаполисте 552 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды. Оның ішінде 181 мопед айыптұраққа қойылды", – деп жауап берді Алматы полиция департаментінен.

Оқи отырыңыз: Заңсыз микроқаржы ұйымын құрғандардың 32 млрд теңге көлеміндегі мүлкі тәркіленді