130 қарыз алушының кепілдік шарты жарамсыз деп танылды
Алматы қаласында алты микроқаржы ұйымының заңсыз қызметі әшкереленді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің шешімімен екі компания микроқаржылық қызметті жүзеге асыру лицензиясынан айырылды, сондай-ақ тағы төрт аффилирленген ұйымға қатысты тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Белгілі болғандай, алты микроқаржы ұйымы бір құрылым ретінде жұмыс атқарған, олар бір кеңсені пайдаланып, онда 200-ден астам қызметкер жұмыс істеген, ал олардың қызметі шетелдік азаматтардың бақылауында болған», - делінген ҚМА хабарламасында.
Сот қарыз алушылардың 130 кепілдік шартын жарамсыз деп тану туралы талаптарын қанағаттандырды, осылайша азаматтар міндеттемелерден босатылды, ал микроқаржы ұйымы алынған қаражатты қайтаруға міндеттелді.
«Олардың әрекеттерінің нәтижесінде 327 мыңнан астам адам зардап шекті, келтірілген залал 30 млрд теңгені құрайды. Агенттіктің бастамасымен Алматы қаласының прокуратурасы 327 мың азаматтың мүддесі үшін сотқа арыз түсірді», - делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Каспий теңізінде жоғалып кеткен екі балықшының мәйіті табылды