Алматыда 60 мопед ресми тіркелді

28.01.2025 19:50

Мопед иелері арнайы санаттағы жүргізуші куәлігін де алуы тиіс

Алматыда 60 мопед ресми тіркеуден өткен. Бұл туралы Полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

2025 жылдың 5 сәуірінде күшіне енетін жаңа заңнамалық түзетулерге сәйкес, аталған қос дөңгелектер механикалық автокөліктерге теңестірілгенін еске салайық. Мұндай көлікті пайдалануға полицияда тіркеуден өткен жағдайда ғана рұқсат етілмек. Сонымен қатар мопед иелері арнайы санаттағы жүргізуші куәлігін де алуы тиіс.

"Мопед жүргізушілері міндетті түрде, заң аясында шлем болуы керек. Сақтандыру полисі және техникалық байқаудан өткені туралы ақпарат болуы тиіс.  А, А1, В санатындағы жүргізуші куәлігін алып, мопед тәркеу керек", – деді Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының орталық басшысы Айдын Меркімбаев.

Оқи отырыңыз: Ақтау портында заманауи контейнерлік хаб салынып жатыр