Жазда тұтынушылар ыстық сумен қамтамасыз етіледі
Алматының Бұқар Жырау бульварында 1983 жылы пайдалануға берілген құбыр қайта жаңартылады. Жалпы ұзындығы 1,3 шақырым болатын жылу трассасы 200-ден астам қалалық нысанды жылумен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жазда тұтынушылар ыстық сумен қамтамасыз етіледі.
Жоспарлы жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2025 жылғы 23 сәуір мен 10 маусым аралығында Бұқар Жырау бульвары бойынша Сергей Марков көшесінен Римский-Корсаков көшесіне дейін оңтүстік жағынан автокөлік қозғалысы ішінара жабылады.
«Алматы жылу желілері» ЖШС уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған учаскені айналып өту үшін алдын ала балама маршруттарды қарастыруды сұрайды.
Биыл қала бойынша 35 км жылу желілерін қайта жаңарту жоспарланған. Бұл тозу деңгейін 54% - ға дейін төмендетеді.
Оқи отырыңыз: Алматының индустриалды аймағында 11 жоба іске қосылады