Сейсенбі, 4 ақпанда мегаполистің Түрксіб ауданында Демьян Бедного көшесі, 5А мекенжайында екі қабатты ғимарат өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына 11:02-де жеткен өрт сөндірушілер екі қабатты ғимаратта құрылыс материалдарының жанып жатқанын анықтады. Өрттің таралу қаупі бар.
«Көршілес ғимараттарды қорғау және өртті сөндіру үшін өрт сөндіру қондырғылары тартылды, өрттің таралуын шектеу шаралары жүргізілуде, құрылыс құрылымдары ашылып жатыр, құлау қаупі бар», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.