Алматыда қар көшкіні салдарынан бір адам көз жұмды

17.03.2025 18:14

Екі адам жарақат алды   

ТЖМ ресми телеграм каналы

Алматы қаласы ТЖД мәліметінше, 112 пультіне «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының диспетчерінен Комсомол шыңы маңында қар көшкіні болғаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Нақтыланған ақпарат бойынша, 3 адам «Шымбұлақ» курортынан 1 км қашықтықта тыйым салынған жерде сырғанаған.

"Шаңғымен сырғанау кезінде үш адам көлбеуді кесіп, қар көшкіні жүруіне себеп болды. Нәтижесінде үшеуі де үйінді астында қалды. Екеуі өз бетінше шыға алды, үшінші адамның жансыз мәйітін «Шымбұлақ» құтқарушылары қар астынан алып шықты", — деп хабарлады қалалық ТЖД.