Алматыда Қазақстан көгалдандыру қауымдастығының ХІ конференциясы басталды

21.02.2025 15:10

Конференция шеңберінде пленарлық сессиялар, дөңгелек үстел, Kaz Green EXPO кәсіби көрмесі ұйымдастырылады

Алматыда Қазақстан көгалдандыру қауымдастығының ХІ конференциясы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын іс-шара ертеңге дейін жалғасады. Конференция шеңберінде пленарлық сессиялар, дөңгелек үстел, Kaz Green EXPO кәсіби көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ басқосу аясында сала мамандары тәжірибе алмасып, іс-шара қонақтары арасында ұтыс билеттері ойнатылады.

"Іс-шараға Ресей, Беларусь, Өзбекстан, Қытай, АҚШ-тан келген саланың жетекші мамандары жиналып отыр. Сондай-ақ Қазақстанның барлық өңірін қамтыдық. Олар ұйымдастырылған көрмені тамашалап, арнайы жүлделермен марапатталып жатыр", – деді Қазақстан көгалдандыру қауымдастығының президенті Татьяна Антоненко.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда қанша шетел азаматы жұмыс істейді