Алматыда көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бойынша қандай жұмыс атқарылуда

23.01.2025 16:50

2025 жылғы 22-23 қаңтар аралығында 3 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексерулер жүргізілді

engin akyurt/unsplash.com/

Көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыру аясында тікелей картоп бойынша департамент Алматы қаласы аудандық әкімдіктері мен кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының өкілдерімен бірлесіп, баға белгілеу бойынша жедел мониторинг жүргізді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік өкілдері мен азаматтарға сауда желілері мен үй жанындағы дүкендерде сауда заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша ақпараттандыру және түсіндіру бойынша кешенді жұмыс жүргізілді.

Мемлекеттік органдардың және «Magnum Cash&Carry» ЖШС (сауда-саттық-Магнум), «Скиф Трейд» ЖШС (сауда желісі Смолл) өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер қорытындысы бойынша картоп құнының төмендеуі байқалады. Қазіргі уақытта Магнум сауда желісіндегі картоптың бағасы 157 теңгені, іріктелген картоптың бағасы 349 теңгені, ал Смолл сауда желісінде картоптың бағасы 399 теңгені құрайды.

Қала әкімдігімен және басқа да бейінді мемлекеттік органдармен бірлесіп, азық-түлік тауарларына баға белгілеудің барлық тізбектері бойынша делдалдық схемаларды тергеу жөніндегі комиссияның шұғыл отырысы өткізілді, онда картоп пен жалпы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың көкөніс өнімдеріне бағаның негізсіз өсуі мәселелері жедел түрде қаралды. Комиссия отырысының нәтижелері бойынша департаментке картоп бағасын реттеу бойынша мемлекеттік бақылау іс-шараларын жүргізу тапсырылды.

Мысалға, тек 2025 жылғы 22-23 қаңтар аралығында 3 кәсіпкерлік субъектісіне қатысты тексерулер жүргізілді, тексеріс нәтижелері бойынша кәсіпкерлік өкілдері Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 204-4-бабының 1-бөлігі бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары картоптың құнын асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Субъект бір жыл ішінде әкімшілік құқық бұзушылық қайталап жасаған жағдайда жауапкершілік ұлғаяды және субъектінің санатына қарай кәсіпкерлік субъектілеріне 10 АЕК-тен 300 АЕК-ке дейін айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазіргі уақытта көкөніс өнімдерінің бағасын негізсіз көтеруге және жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелері бойынша мемлекеттік бақылау шаралары жүргізіліп және тұтынушылар үшін өнімнің түпкілікті құнын одан әрі төмендету үшін сауда саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қабылдануда.

Оқи отырыңыз: Алматы жастары белгілі әнші Жұбаныш Жексенұлымен кездесті