Алматыда көлік аударылып, бір адам қайтыс болды

Tonia Kraakman/unsplash.com/
Tonia Kraakman/unsplash.com/

«Мерседес» көлігінің жүргізушісі Такижанов көшесімен келе жатып, Үлкен Алматы айналма жолымен көше қиылысында рульді басқара алмай, кедергілерге соқтығысып, кейін аударылып кеткен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жол-көлік оқиғасы салдарынан жолаушы қаза болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Алматы қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін таңғы сағат 04:50–де Алматының Алатау ауданында болған. «Мерседес» көлігінің жүргізушісі Такижанов көшесімен келе жатып, Үлкен Алматы айналма жолымен көше қиылысында рульді басқара алмай, кедергілерге соқтығысып, кейін аударылып кеткен.

"Өкінішке қарай, жол апатының салдарынан 25 жастағы жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші қаладағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Полиция департаментінің Анықтау басқармасы адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғады. Тиісті сараптамалар тағайындалды", — деп хабарлады полициядан.

Оқи отырыңыз: Алатау ауданы заңсыз сауда нысандарынан тазартылып жатыр

 

Новости партнеров