Мұндай құқықбұзушылықтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады
2025 жылғы 10 сәуірде Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп тексеру іс-шараларын жүргізді, оның барысында мемлекеттік кірістер органдарында тіркеусіз темекі өнімдерін көтерме саудада өткізу фактілері анықталды. Нәтижесінде 500 миллион теңгеден астам сомаға 186 мыңнан аса қорап кальян темекісі тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мұндай құқықбұзушылықтар әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті азаматтарды шығу тегі күмәнді темекі өнімдерін сатып алу кезінде сақ болуға шақырады, себебі контрафактілік өнімдер тұтынушылардың денсаулығы мен өміріне елеулі қауіп төндіреді. Көлеңкелі нарықты азайту және азаматтардың денсаулығын қорғау тек бірлескен жұмыс арқасында мүмкін болады.
Темекі өнімдерін таңбалаудың (идентификациялау құралдарының) түпнұсқалығын «NAQTY ONIM» мобильді қосымшасы арқылы тексеруге болады. Қала тұрғындары акцизделетін өнімді заңсыз өткізу фактілері туралы Мемлекеттік кірістер департаментіне Бөгенбай батыр көшесі, 132 мекенжайы немесе 8 708 765 38 22 телефоны бойынша хабарлай алады.
Оқи отырыңыз: Павлодар облысында жеңіл көлік пен мотоцикл соқтығысып, 1 адам көз жұмды