Алматыда көпқабатты тұрғын үй пәтерінен шыққан өрт сөндірілді

15.03.2025 10:26

Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекетінің арқасында өрт таралған жоқ

Cullan Smith / Unsplash

Алматыда көпқабатты тұрғын үйден шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР ТЖМ  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алмалы ауданы Тілендиев көшесінде орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің 7-қабатында балконнан шыққан өрт пәтерге таралған. Өрт орнына жедел жеткен құтқарушылар 20 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді», - делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілердің кәсіби және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің таралуына жол берілмеді.

Оқи отырыңыз: Кей өңірде қар аралас жаңбыр жауады: сенбіге арналған ауа райы болжамы