Азық-түлік дүкенінен шыққан өрт үйдің шатырына тараған
Алматыда өрт кезінде 8 адам құтқарылды, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түрксіб ауданында Баймағамбетов көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйдің аумағында азық-түлік дүкені жанып, өрт үйдің шатырына тараған.
Өрт уақытша құрылыстан шығатын жолды кесіп тастағандықтан, тұрғындар шыға алмаған.
"Өрт сөндірушілер уақытша құрылыстың 8 тұрғынын құтқарды. Өрт 80 ш.м. алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.
ТЖМ өкілдері төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу керек екенін ескертеді.
Оқи отырыңыз: Астанада 25 жолаушы отырған автобус апатқа ұшырады