Алматыда әлеуметтік көмек көрсету орталығы ашылмақ

19.12.2024 16:36

Бұл іспен 35 маман айналысады

Алматы тап болған отбасыларға қолдау көрсетіп, жасыл экономиканы дамытатын қалаға айналады. Мұндай мәлімдемені Жаһандық жасыл өсу институтының қызметкерлері жария етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Жаңа жоба ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға өзгеріс енгізу жөніндегі қаулысына байланысты жүзеге асырылып жатыр. Басқосуда мамандар Алматыда жұмысын бастайтын орталықтың тығырыққа тап болған жандарға психологиялық-әлеуметтік көмек көрсететінін, әрі жұмысқа орналастыруға жәрдем беретінін сөз етті. Бұл іспен 35 маман айналысады. Әр ауданда мобильдік топ құрылады. Олар орталық қызметіне жүгінгісі келетіндерді анықтамақ.

"Біздің халықаралық ұйым оған мүшелік ететін әр мемлекеттің жасыл экономикаға бет бұрғанына қуана қарайды. Оң бағалап, әрдайым қолдауға тырысады. Көбінде экологиялық таза әрі инклюзивті, сондай-ақ тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге көмектесетін жобаларға баса назар аударған жөн. Бүгінгі семинарда қиындыққа тап болған жанұяларға жәрдем беретін орталықтарға арналған нысандар жайында сөз қозғап, олардың көрсететін қызметіне қатысты мәселелерді талқыладық", – деді The Global Green Growth Institute Бағдарламаларды әзірлеу жөніндегі аға қызметкері Оюнчимэг Амартувшин.

"Әлеуметтік қолдау шаралары өте көп. Оның біріншісі әлеуметтік төлемдер. Жұмыспен қамту мәселесі бар. Медициналық жәрдем көрсету қажет. Азаматтарға керекті құжаттары жоқ болса, рәсімдеп, әлеуметтік көмекке жеткізу – негізгі мақсат", – деді Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.

Оқи отырыңыз: Мейірім ноталары: Алматыда қайырымдылық кеші өтті