Алматыда нөмірсіз жүрген 70-тен астам жүргізуші жазаланды

23.04.2025 12:55

Олардың жартысынан көбі - мопед жүргізушілері

Erik Mclean/ unsplash.com/

Алматыда «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оның нәтижесінде 70-тен астам жүргізуші мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз көлік басқарғаны үшін жазаланды. Олардың жартысынан көбі - мопед жүргізушілері.

Жалпы «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы басталғалы 285 жүргізуші - маневр жасау ережесін бұзғаны үшін, 119 - апаттық жағдай туғызғаны үшін, 29 - бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткені үшін, 11 - қарама-қарсы жолаққа шыққаны үшін, 35 - көлік құралын тиісті құжаттарсыз басқарғаны үшін жауапқа тартылды.

"Жол қауіпсіздігі – әр қатысушының ортақ жауапкершілігінің нәтижесі. Полиция қызметкерлері көшелерде қайғылы оқиғалардың аз болуы үшін тәулік бойы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді", - деді Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Оқи отырыңыз: Алматыда 61 жылдық тарихы бар мектепке жаңа ғимарат салынады