Алматыда талапкерлерге тегін кәсіптік білім беріледі

19.02.2025 19:29

Олар автокөлік жөндеу, тоңазытқыш пен компрессорлық машиналардың агрегаттарын орнату, жиһаз өндірісі, дизайн, IT сынды салаларды меңгереді

Алматыда өнеркәсіпке қызыққан талапкерлерге тегін кәсіптік білім беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазірдің өзінде техникалық бағытта оқуын жалғастырғысы келгендер белсенді дайындық жүргізіп жатыр. Алматы көпсалалы колледжі жас шеберлердің сапалы білім алуына әрі жұмысқа орналасуына жағдай жасап отыр. Олар автокөлік жөндеу, тоңазытқыш пен компрессорлық машиналардың агрегаттарын орнату, жиһаз өндірісі, дизайн, IT сынды салаларды меңгереді.

"Құбыр жасаймыз, желдеткіштерді орнатамыз. Қондырғыларды орнату, жөндеу мен үшін қызық, болашақта мамандық бойынша жұмыс істеп, көтерілгім келеді", – деді студент Абылай Серікхан.  

Ал шаһардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Мемлекет басшысы жариялаған бағдарлама аясында 300-ден астам жұмысшы мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттермен кездесу өткізді. Іс-шара «Заң мен тәртіп» идеологиясын қалыптастыруға және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

"Іс-шараның барысында елімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі нормалары түсіндірілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдерін төмендетуге, бағытталған шаралар жөнінде хабарлама берілді. Одан бөлек жұмысқа орналасу барысында ашықтық қамтамасыз ететін цифрлық жүйелер жөнінде айтылды", – деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Арман Рахимов.

Оқи отырыңыз: Астанада мектеп аумағында оқушы қызды автобус қағып өлтірді