Алматыда теміржол вокзалында құқық бұзған 11 жасөспірім анықталды

«Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы 10 сәуірде басталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы-1 вокзалында «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл бастама құқықбұзушылықтарды анықтап қана қоймай, оның алдын алу, жастарға дұрыс бағыт-бағдар беруді көздейді. Жасөспірімдерді жат қылықтардан қорғауды мақсат еткен іс-шара жыл сайын 3-4 мәрте ұйымдастырылады.

Айта кетейік, профилактикалық іс-шара 10 сәуірде басталған. Соның шеңберінде теміржол вокзалында құқық бұзған 11 жасөспірім анықталған.

 «Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру – бұл іс-шараның маңызды бөлігі. Қылмыстың алдын алу жұмыстарын күшейту – міндетіміз. Кейін көп нәрсеге өкінгенше, қазір мықтап қолға алу қажет», – деді Алматы-1 стансасы желілік Полиция басқармасы бастығының орынбасары Руслан Шәрібаев.

«ҚР ІІМ 2025 жылғы операциялық жоспарының 24-тармағына сәйкес, «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Биыл «Профилактика» жылы болуына орай, теміржол және әуе көліктерінде қылмысты болдырмау, қылмыстың алдын-алу, жолы кесу болып табылады», – деді Алматы-1 стансасы желілік Полиция басқармасы әкімшілік полиция бөлімінің бастығы Жайық Садықов.

Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында күйеуі келіншегінің қолын балталап тастады

 

Новости партнеров