Алматыда тіркелген мопед саны 5 мыңнан асты

28.03.2025 12:09

Бір күнде мегаполисте 469 мопед мемлекеттік нөмер алды

Kartabya Aryal/unsplash.com/

Алматыда бір күнде 400-ден астам мопед тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Кеше Алматыда 4 807 мопед тіркелген еді. Бүгін олардың саны 5 276 болды. Бір күнде мегаполисте 469 мопед мемлекеттік нөмер алды. Дегенмен, Алматы қаласының Полиция департаменті әлі де тіркелмеген көлік құралдарының иелеріне ескерту жасады. 

"Кампанияның аяқталуына 7 күн қалды. 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтер айып тұрағына қойылады, ал олардың иелері Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады департаменттен. 

Оқи отырыңыз: Алматыда ұландықтар 101 жастағы соғыс ардагеріне құрмет көрсетті