Турнирдің төрелігін арнайы бекіткен төрешілер алқасы жүргізді
Алматыда тоғызқұмалақтан қала әкімінің кубогі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жарысқа қалалық Тоғызқұмалақ федерациясы мен Дене шынықтыру және спорт басқармасы ат салысқан. «Алматы менеджмент» университетінде өткен зияткерлік ойынға қала тұрғындары, мектеп оқушылары мен студенттер, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Турнирдің төрелігін арнайы бекіткен төрешілер алқасы жүргізді.
"Тоғызқұмалақ – ұлттық мұрамыз. Бала өз-өзін тәрбиелеуіне, шыдамды болуға, алдына қойған мақсатын жетуге жетелейтін ойын деп санаймыз. Қазіргі таңда тоғызқұмалақ ойыны өте қарқынды дамуда", – деді бас төреші Азамат Қалдыбаев.
"Тоғызқұмалаққа 2-сыныптан бастап қатысамын. 2023 жылы «Спорт шеберіне үміткер», 2024 жылы жазда Жазғы олимпияда чемпионы атандық. Ойынды дәріптеуге үлес қосқым келеді", – деді жарысқа қатысушы Аяна Абай.
Оқи отырыңыз: Менің елім – менің туым: Алматы облысында акция басталды