Былтыр болған оқиғадан соң күдіктіге бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған
Алматы әуежайында қызды кепілге алған күдікті бұған дейін де жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Алматы полициясы бүгін әуежайда ұсталған күдікті бұған дейін автобустағы қызды ұрған адам екенін растады. Былтыр болған оқиғадан соң күдіктіге бір жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
— Қоғамдық көліктегі оқиғадан кейін Алмалы аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды. Өткен жылдың желтоқсан айында сот ер адамды бір жылға бас бостандығын шектеу жазасына кескен, - деп хабарлады департаменттен.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды: Алматы әуежайын дүрліктірген күдікті ұсталды