с-шара жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезім ұялатуға бағытталған
Алматыдағы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің №4 кітапхана-бөлімшесінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіске – мәңгілік тағзым» атты тарихи-рухани кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жиынға қатысқан ардагерлер естелігін бөлісіп, бүгінгі ұрпаққа бейбіт өмірдің құндылығын түсіндірді. Іс-шара жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезім ұялатуға бағытталған.
«Жастарды Отан сүйгіштікке, білімге тәрбиелеп, қандай жағдай болса да адамгершілікті жоғалтпауды үйрету керек», – деді Даманск оқиғасының ардагері Оңғарбек Сыдықбеков.
«Бізде аталарымыздың артынан жүріп, басқа елге қызмет еттік. 1973 жылы Куба аралығында болдым», – деді Ауған соғысының ардагері Дуан Умаров.
Оқи отырыңыз: Шымкентте салмағы 7 келі алып сәби дүниеге келді