Алматыда жасөспірімдер арасындағы қылмыс 9 пайызға азайған

27.02.2025 19:21

Тексеріс қорытындысына сәйкес, 40-тан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды

Алматыда жасөспірімдер арасындағы қылмыс 9 пайызға азайған. Яғни көрсеткіш 244-тен 222-ге төмендеген, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мегаполисте прокуратура мен ішкі істер органдары бірлесіп, кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Осыған дейін қауіпті деп танылған 70-тен аса сайт бұғатталды. Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тұрақты мониторинг жасау жалғаспақ.

"Өткен демалыс күндері 20 компьютерлік клуб, 15 ойын-сауық орны тексерілді. Тексеріс қорытындысына сәйкес, 40-тан астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Ал түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз жүрген балалар қалалық балаларды қолдау орталығына жіберілді. Бұл бағытта жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде", – деді Медеу ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Нәзік Мейірманова.

Оқи отырыңыз: Алматы прокурорлары лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапқа тартты