Биологиялық өңдеу маусымы төрт кезеңде жүреді
Алматыда жасыл желектерді зиянкестерден өңдеу жұмыстары 20 сәуір басталады, деп хабрлайды Almaty.tv.
Неғұрлым тиімді нәтиже шығару үшін бұл шаруа түнгі уақытта жүзеге асырылмақ. Жауаптылардың сөзінше, мұндай іс-шаралар ағаштардың жағдайын жақсартып, әртүрлі зиянды заттарға төзімділігін арттыру үшін жасалады. Биологиялық өңдеу маусымы төрт кезеңде жүреді.
Айта кетейік, аталған іс-шара жыл сайын ұйымдастырылады.
«Іс-шара аясында 2 миллион 300 мың жасыл желекті қамту жоспарланған. 20 сәуірде басталса, қыркүйек айына дейін жалғасады. Соңғы жылдарда ұйымдастырылған өңдеу жұмыстарының нәтижесі жасыл желектердің қорын сақтап қалуға айтарлықтай әсер етіп отыр. Зиянкестердің саны да жыл сайын азайып келеді», – деді Экология және қоршаған орта басқармасының бас маманы Мейіржан Бағатиев.
Бұл жұмысқа климаттық факторды ескере отырып, ел аумағында қолдануға рұқсат етілген және адамға, құс пен жануарға зиянсыз, қаупі аз, сертификатталған препараттар ғана пайдаланылады. Өңдеу іс-шараларын пестицидтерді өндіруге және қолдануға лицензиясы бар мердігер ұйымдар жүргізеді. Арнайы құрылғылармен қатар, автозертхана жұмыс істейді.
«Автомобильді лаборатория өңдеу жұмыстары басталмастан бұрын ағаштардың жағдайын анықтайды, диагностика жасайды. Қорғау шараларында қанша мөлшерде препарат қолдану керек, зиянкестерден қаншалықты шабуыл жасайын деп тұрғанын анықтайды. ПТР диагностикасы бар және фитосанитарлы талдауы бар, сол арқылы біз қолданатын препараттың мөлшерін және қанша рет қолданатынын есептейміз», – деді Ж. Жиембаев атындағы қазақ өсімдік қорғау және карантин ғзи бөлім басшысы Нұржан Мұхамадиев.
Оқи отырыңыз: Түркістандық диқандар өнім жинауға кірісті