14 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды
Алматыда балаларының түнгі уақытта сыртта жүргені үшін 89 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Кәмелетке толмағандар арасындағы жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында осы жылдың 27-30 қаңтар аралығында Алматы қаласында ПД-ның қызметтері мен мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен “Жасөспірім және Заң” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
"Іс-шараның екі күнінің ішінде ішкі істер органдарына түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 128 жасөспірім , оның 89-ы түнгі уақытта жеткізілді. Қараусыз және панасыз қалған 14 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Сонымен қатар 14 кәмелетке толмаған құқық бұзушы мен 16 тұрмысы нашар отбасы анықталып, ішкі істер органдарына есепке алынды", - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.
Сондай-ақ полицияда, ұсақ құқықбұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік” қағидаты бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылып жатқанын айтты.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қаланың білім беру ұйымдарында 98 дәріс пен семинарлар өткізілді.
Оқи отырыңыз: Павлодарда оқушының арқасына шеге сұғып алған мұғалім жұмыстан әлі шығарылмаған