Алматыда жас ғалымдарға пәтер кілті табысталды

Стипендия мен арнайы сыйлыққа ие болған олар – түрлі зерттеу жұмыстарымен елге танылғандар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ғалымдарға пәтер табысталды. Бүгін Алматыдағы Ғылым ордасында елеулі еңбегі еленіп, жетістіктері ескерілген жас мамандар марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Баспанадан бөлек, стипендия мен арнайы сыйлыққа ие болған олар – түрлі зерттеу жұмыстарымен елге танылғандар. Ал іс-шараға қатысқан академик-профессорлардың айтуынша, жас буынды қолдау маңызды.

«Біріншіден, баспана мәселесі – үлкен мәселе. «Отбасы банкімен» былтыр 283 жас ғалымға пәтер берілді. Биыл бағдарлама жалғасады. Тікелей Президенттің қолдауымен жас ғалымдарымызға 200 пәтер берілді. Бұл несие емес, тікелей қолдау, сыйлық деп айтуға болады, – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Айта кетейік, жас ғалымдарға мемлекеттік стипендия табыстау арқылы олардың зерттеулеріне қолдау көрсетіп, ынтасын арттыру мақсат етілген. Сондай-ақ мамандардың ғылыммен айналысуына қолайлы жағдай жасап, «Жастар ғылымға қызықпайды» деген стереотипті көзқарасты жою көзделген.

 «Қуанышымда шек жоқ. Бұл – үш бала тәрбиелеп отырған маған қолдау. Материалдық емес, моральдық та қолдау деп білемін. Үлкен сенім, мемлекетімізге рақмет!» – деді Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ аға оқытушысы Назерке Бердіқұл.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Медеу ауданының бюджеті 6,4%-ға өсті

Новости партнеров