Былтыр аталған науқанға 3 мыңнан аса ерікті қатысып, 480 іс-шара өткен
Алматылық жастар есірткі жарнамаларын жаппай жойып жатыр. Қаладағы науқанға 200-ден аса ерікті мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысқан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Полицейлермен бірлесе жұмыс атқарған олар наркологиялық заттарды тұтынуға шақыратын жазба орындарын анықтаған. Мәселен, рейд барысында Түрксіб ауданында 100-ден аса жарнама жойылған.
«Акцияға Алматы қаласының 8 комьюнити орталығы, волонтерлік фронт офистарынан 200-ге жуық жас жиналып жатыр. Акцияны әр ауданда кезектесіп тұрақты түрде өткізетін боламыз. Қаланың қай жерінде жарнама көбейсе, сол жерде міндетті түрде өткіземіз, – деді Жастар саясаты басқармасы басшысының орынбасары Нұрсұлтан Бекқайыров.
Айта кетейік, «Наркостоп» жобасы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен жүзеге асқан. Былтыр аталған науқанға 3 мыңнан аса ерікті қатысып, 480 іс-шара өткен. Науқан аясында есірткі заттарын насихаттайтын түрлі сайт атаулары жазылған 110 мыңнан астам трафарет пен граффитилер өшірілген.
«Наркостоп» жобасы аясында былтыр Алматыда үлкен зерттеу аяқталды, 7000 мыңнан астам респондент сұралды. Алматының 17 пайызы қауіпті аймаққа жатады, – деді «Наркостоп» жобасының жетекшісі Нұржан Жақыпов.
Оқи отырыңыз: Барымта: Алматы облысында үш қылмыстық топ ұсталды