Жиынға "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының" қариялары мұрындық болған
Алматылық оқушылар болашақ мамандығын дұрыс таңдауы үшін жазда колледждерге лагерьге жіберіледі. Игі бастама "жұмысшы мамандығы жылы" аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы №172 мектеп-гимназиясында өткен "Мамандық - өмірдің алтын кілті" атты іс-шара кезінде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осы мақсатта оқу ордасы орта білім беру мекемелерімен меморандумға отырды.
Айта кетейік, аталған жиынға мұрындық болғандар - "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының" қариялары. Олар білім мекемесінің шәкірттерімен жүздесіп, "Думан-құтты мекен" және "Белсенді ұзақ өмір сүру сыры" атты кітаптарын таныстырып, тұсауын кесті. Сондай-ақ ардагерлер өмірлік тәжірибесін бөлісіп, мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы мен "еңбектің наны тәтті" екенін түсіндірді.
"Балаларымыз, заманына қарай жақсы өмір сүріп жатыр. Мамандық түрі өте көп. Салауатты өмір салтын ұстанып жүрген қарттар ұрпаққа келешек мамандығын жақсы көру үшін, дұрыс таңдау жасау керек екенін тұсіндірдік", – деді «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» қызмет алушысы Жаһан Мұқаев
"Биыл мамандық таңдау жәрмеңке ұйымдастырамыз. Іс-шараға колледж мамандары, ата-аналар және мектеп оқушылары қатысады", – деді №172 мектеп-гимназиясының директоры Әлия Чорманова.
Оқи отырыңыз: Эко-хаб: Алматыда мобильді эко-трек құру жоспарланып отыр