Алматылықтар панфиловшы батырларды еске алды

18.04.2025 19:07

Жоғары сынып оқушылары «Жас панфиловшылар» ұйымына қабылданды

Алматының Жетісу ауданында Жеңіс күнін жақындатуға үлес қосқан, аянбай тер төгіп, ерлік көрсеткен панфиловшы батырларды еске алу іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға жиналған оқушылар алдымен сол жылдардан сыр шертетін қойылым қойып, жүрек тебірентер өлеңдерін оқыды. Рухани кеште есті әндер де шырқалды. Ал жоғары сынып оқушылары «Жас панфиловшылар» ұйымына қабылданып, арнайы төсбелгіге ие болды. Ұйымдастырушылар жауынгерлердің жанқиярлығы мен батылдығын бүгінгі ұрпақтың жүрегіне жеткізу, ұлттық тәрбиені нығайту негізгі міндет екенін айтты.

«Панфилов девизиясының құрамында сол кісіні пір тұтқан Алматы, Қырғызстан мен Қазақстаннан алуан ұлт өкілдерінен құрылған девизия болған», – деді  педагогика ғылымының докторы, профессор Берікжан Әлмұхамбетов.

 «Тәртіпке құл болған адам, ешкімге де құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды. Іс-шара осы қағида негізінде өтіп жатыр», – деді ардагерлер кеңесінің төрайымы Тамара Шакирова.

Оқи отырыңыз: Жеңістің 80 жылдығы: Алматы жастары патриоттық челлендждерге белсене қатысты