Алматының бас ботаникалық бағы жабылды

08.04.2025 14:18

Ағаштар құлап, бұтақтары сынғандықтан ботаникалық бақтың айналасында жүру қиынға соғып тұр

botsadkz

Дауылға байланысты Алматының бас ботаникалық бағы 10 сәуірге дейін жабылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі уақытта ағаштар құлап, бұтақтары сынғандықтан ботаникалық бақтың айналасында жүру қиынға соғып тұр. Сондықтан қауіпті ағаштардың құлау мүмкіндігін болдырмау үшін қоғамдық аумақты тазарту, сондай-ақ ағаштардың жағдайын тексеру қажет. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, - деп хабарлады бақтың баспасөз қызметі.

Еске салайық, Алматыда күн күркіреп, найзағай ойнап, нөсер жауды

Оқи отырыңыз: Алматыда 7-13 сәуір аралығында ауа райы қандай болады