«Алтын-Емел» паркінде сілеусін фототұзаққа түсіп қалды

altynemel_np
altynemel_np

Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының және Қазақстанның қызыл кітабына 2010 жылы тіркелген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Алтын-Емел» ұлттық паркінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген сілеусін фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл туралы ақпарат «Алтын – Емел» табиғи паркінің Instagram-дағы парақшасында жарияланды. 

«Алтын - Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, Күзет бөлімінің жоспарлы рейдтік іс-шарасы кезінде көзге түскен»,- делінген хабарламада.

Сілеусін – сүтқоректілер класы, жыртқыштар отрядының мысықтар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының және Қазақстанның қызыл кітабына 2010 жылы тіркелген.

Сілеусін таулы алқаптардың қылқан және жалпақ жапырақты орман өскен белдеулерінде таралған.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да есірткі сататын интернет-дүкен табылды

Новости партнеров