Алып кит жұтып қойған жігіт қалай аман қалды

twitter.comTabascoHOY
twitter.comTabascoHOY

Әкесі киттің ұлына шабуыл жасап, оны үрмелі қайығымен бірге жұтып, судың астына алып кеткен сәтін түсіріп үлгерген

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Чилиде Эль-Агилеа шығанағында алып кит 24 жастағы ер адамды тірідей жұтып, қайта шығарып тастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиға 8 ақпанда Чилидің оңтүстігіндегі Пунта-Аренас қаласының жағалауында болды.

Жергілікті тұрғын Делл Симанкас 24 жастағы ұлы Адриан Симанкаспен байдаркамен су бетінде жүзіп жүрген. Әкесі киттің ұлына шабуыл жасап, оны үрмелі қайығымен бірге жұтып, судың астына алып кеткен сәтін түсіріп үлгерген.

Арада бірнеше секунд өткеннен кейін жас жігіттің аман-есен, жараланбаған күйі су бетіне қайта шыққаны байқалды.

Зардап шеккен адамның айтуынша, арқасынан қатты соққы болғанын, не болғанын түсінбеген қалпы су астына кетіп қалған.

Дереккөз: Azattyq Rýhy.

Новости партнеров