Амал дәптері: Алматыда әкелерге бағыт-бағдар беретін кітап жарық көрді

21.11.2024 19:30

Автордың сөзінше, кітапты жазып шығуға 365 күн кеткен

Алматыда «Амал дәптері» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өткізілді. Туынды бала тәрбиесіне жеткілікті түрде көңіл бөле алмай жүрген әкелерге бағыт-бағдар беріп, жөн сілтейді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жинақтың авторы – Бақытжан Бұқарбай. Баспагердің сөзінше, кітапты жазып шығуға 365 күн кеткен. Бұл жыл көлемінде шығатын мотивациялық сарындағы туындылардың ең алғашқысы. Себебі алдағы уақытта  11 түрлі тақырыпты қамтитын кітап шығару жоспарланған.

"Әңгімелер өте қысқа. Күніне 3-4 бетті кез келген адам оқи алады. Бір айда кітапты оқып шығап, біраз тәжірибе жинақтай алады. Кітапта әкелер өзін жетілдіру үшін 30 түрлі модель қамтылған. Құндылықтар туралы және өзге де сұрағына жауап алады", – деді баспагер Бақытжан Бұқарбай.

Оқи отырыңыз: Алматыда балалардың бес шығармашылық орталығы салынады