«Шаңырақ» әлеуметтік орталығында ұйымдастырылған жарысқа зейнеткерлер қатысты
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Алматыда «Ана - өмір шуағы» атауымен әжелер арасында ерекше сайыс өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Шаңырақ» әлеуметтік орталығында ұйымдастырылған жарысқа өмірлік тәжірибесі мол, өнегесі көп зейнеткерлер қатысып, өнері мен шеберлігін көпшілікке паш етті. Қарттар үйінің тұрғындары ұмыт болған салт-дәстүрлерді еске түсіріп, жөн-жоралғы көрсетті. Қолдан жасаған бұйымдары мен тіккен көрпешелерін қазылар алқасының назарына ұсынды. Жылы жүздесу, әсерлі әңгімелер мен өнер сайысы қатысушылар мен көрермен қауымға да ерекше көңіл күй сыйлады.
«Жастар шамамыз жеткенше көрсеткен өнегені қабыл алып, үйренсе дейміз», – деді зейнеткер Айымторы Тайғаринова.
«Әжелердің белсенділігі өте керемет, дайындығы да мықты. Өздері ет пісірді, қолдан жент жасады. Моншақ тоқиды, сонымен қатар құрақ құрады», – деді орталықтандырылған кітапхана жүйесі №45 кітапхана бөлімшесінің меңгерушісі Бақыт Нұрақынқызы.
Оқи отырыңыз: 8 наурызға қандай гүл сыйламаған дұрыс – маман