Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды

01.03.2025 15:48

Ширек финалда спортшымыз командаласы Юлия Галышеваны жеңді

Photo by Chris Boese on Unsplash

Қазақстандық спортшы Анастасия Городко фристайл-могулдан Алматыда өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Оlympic.kz-ке сілтеме жасап.

«Спортшы параллель могулда үшінші болып мәре сызығын кесті. Кіші финалда ол америкалық Тесс Джонсоннан басым түсті», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ширек финалда Городко командаласы Юлия Галышеваны жеңді. Ал жартылай финалда АҚШ өкілі Джейлин Кауфқа жол берді, кейін Кауф жарыстың жеңімпазы атанды.

Күміс жүлдені жапондық Рино Янагимото иеленді.

Оқи отырыңыз: Әртістік жүзуден әлем кубогының кезеңі: қазақстандық спортшы күміс жүлде алды