Қазақ радиосының «Алтын қорындағы» әдеби-сазды хабарлардың 80 пайызы Сауық Жақановаға тиесілі
Қазақ радиосының «қарлығашы» атанған белгілі диктор – Сауық Жақанованың 80 жылдығына орай Алматыда «Аңыз дауыс иесі» атты конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Мерейлі басқосуға қоғам қайраткерлері мен жастар қатысып, ардагер әртістің өнегелі өмірін еске алды. Ал әуезді ән мен тәтті күй жиынның көркін келтірді. Сондай-ақ сиқырлы дауысымен радио тыңдармандардың жүрегіне жол тапқан Сауық Мәсіғұтқызының құрметіне көрме ұйымдастырылған. Онда диктордың фотосуреттері, жеке архивінен алынған қолжазбалары мен сұхбаттары қойылды.
Айта кетейік, Қазақ радиосының «Алтын қорындағы» әдеби-сазды хабарлардың 80 пайызы Сауық Жақановаға тиесілі.
"Ол уақытта техника дәл қазіргідей жеткілікті емес. Қазіргі техника өте ғажап, жастар дүниежүзінен жаңалықтарынан қалмай, жақсы жұмыс істеп келе жатыр"– деді Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сауық Жақанова.
"Әр тұлғалардың шығарған кітаптары, жазбалары, қол жазбалары, жазған құжаттарын сақтап келеміз. Бұл кісінің сұхбаттарын бала кезімізден естіп келеміз. Апай жайлы айтылған сұхбаттар, мақалалар, сол құжаттар сақталып түр", – деді Алматы қаласы Мемлекеттік архивтің бөлім басшысы Әйгерім Әлжанова.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда 8 наурыз мерекесіне орай әлеуметтік төлем беріледі