Арал теңізіне 1 млрд текше метрге жуық су жіберілді

Трансшекаралық өзенді тұтынатын тараптармен болған келісімнің оң әсері байқалып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Кіші Арал теңізіне былтыр қазаннан бері 1 млрд текше метрге жуық су жіберілді. Бұл жоспарланған көлемнен 100 млн текше метрге артық, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мамандар «бұл – су шаруашылығы саласындағы үйлесімді еңбектің нәтижесі» дейді. Сондай-ақ трансшекаралық өзенді тұтынатын тараптармен болған келісімнің оң әсері байқалып отыр.

Айта кетейік, былтыр күріш алқаптарын лазерлік тегістеу мен су үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы шамамен 200 млн текше метр су аз үнемделген.

"Мемлекетаралық су шаруашылығы үйлестіру комиссиясында вегетациядан тыс кезеңде 1 қазан мен 1 сәуір аралығында  1 млрд 148 млн текше метр текше метр су жиналуы мүмкін.  Бүгінгі таңда Арал теңізіне секундына 140 текше метр су келуде", – деді «Арал-Сырдария» бассейндік инспекциясының басшысы Зейнулла Қазтоғанов.

Оқи отырыңыз: Алматыда Есентай өзенінің жағалауы абаттандырылады

Новости партнеров