Арменияда қазақстандықтарды алдаған трансұлттық қылмыстық топ ұсталды

Олар республика тұрғындарына қоңырау шалып, ірі инвестициялық компанияларға ақша салуды ұсынған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Арменияда қазақстандықтарды алдаған трансұлттық қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның құрамында Грузия, Иран, Сирия және Ливан мемлекетінің 40-қа жуық азаматы бар. Олар республика тұрғындарына қоңырау шалып, ірі инвестициялық компанияларға ақша салуды ұсынған. Қазір күдіктілердің ісіне тосқауыл қойылған, сондай-ақ Еревандағы екі call-орталықтың жұмысы тоқтатылған. Мамандар тергеуді жалғастырып жатыр.

"Тінту шаралары барысында 70-тен астам компьютерлік техника, шамамен бір килограмм алтын, 5 автокөлік, 30 мың АҚШ доллары, Ресей рубльдері, грузин лариі және криптовалюта әмияны тәркіленді. Қазіргі уақытта армян тарапы Қазақстан ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп, тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде", – деді ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында бес мектеп жұмысын тоқтатты

Новости партнеров