Art спорт: Қызылордада мемлекет қаражатын заңсыз иемденген кәсіпкерлер анықталды

Үйірмелерге қатыспаған 2 мыңнан астам бала белгілі болды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылордада Art спорт үйірмелеріне бөлінген мемлекет қаражатын кейбір кәсіпкерлер заңсыз иемденген. Прокурорлық қадағалау барысында олардың ел қазынасына 450 миллион теңге залал келтіргені анықталып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Былтыр облыста 136 жеке шығармашылық үйірме ашылып, 23 мың бала түрлі үйірмеге қабылданған. Бірақ іс жүзінде бәрі басқаша болып шықты. Қызылорда қаласы мен Шиелі, Жаңақорған аудандарындағы спорттық және шығармашылық бағыттағы үйірмелер өрескел заң бұзған. Соның бірі - Шиеліде бұрынғы мектеп директоры ауыл балаларын заңсыз тіркеп, 13 миллион теңгеден аса бюджет қаржысын қолды қылған. Ал Жаңақорғанда 19 үйірме жетекшісі жалған есеп тапсырып, 127 миллион теңге жымқырды.

"Үйірмелерге қатыспаған 2 мыңнан астам бала анықталып, 400 млн теңгеге жуық мемлекетке залал келтірілгені анықталып отыр. Бүгінгі күнге нақты кәсіпкерлермен мемлекетке 50 млн теңге қайтарылды. Басқа жағдайда адал қызмет істемеген кәсіпкерлерге құқықтық баға берілетін болады. Қазіргі таңда облыс бойынша барлық ауданда тексеріс жүріп жатыр", – деді облыс прокуроры Ризабек Ожаров.

Оқи отырыңыз: Білім бөліміндегі былық: Түркістан облысында лауазымды тұлғалар ақша жымқырған

Новости партнеров