Наурызда Бейнеуде 12 бала астан ұшынған
Маңғыстауда мектептердегі астан улану фактісінің жиілеуіне байланысты жоспардан тыс тексеріс басталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұл Денсаулық сақтау министрлігі мен Бас прокуратура бақылауға алған. Қазіргі таңда жалпы 72 нысанның 14-і тексеріліпті.
Еске салайық, наурызда Бейнеуде 12 бала астан ұшынған. Тексеріс нәтижесінде асхана қызметкерінен стафилококк бактериясы анықталған. Қазіргі таңда асхана жабылды, тергеу жүріп жатыр. Ал былтыр өңірде астан уланған 460 баланың ісі әлі сотта.
Айта кетейік, тексеру жұмыстары бір айға жалғасады.
«Топтық улануларға байланысты тексеріс келді. Балаларға берілетін тағамның қауіпсіздігіне байланысты асхана қызметкерлері мен сол жердегі тағамның құнарлылығы тексерілетін болады», – деді Санитарлық-эпидемиологиялық департаменттің бөлім басшысы Назгүл Тұрғаналиева.
Оқи отырыңыз: Жамбыл облысында балабақша басшысы мен есепшісі күдікке ілінді