Астана-Петропавл тасжолында бірнеше көлік соғылып қалды

стоп кадр
стоп кадр

Бір адам аудандық ауруханаға түскен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Астана-Петропавл бағытындағы тасжолдың 447 шақырымында үш көлік бір-біріне соғылып, бір адам жараланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ақмола облысының полиция департаменті хабарлағандай, апат салдарынан «Киа», «Фольксваген» және «Лексус» маркалы үш көлік соғылған. Бір адам аудандық ауруханаға түскен.

«Оқиға бүгін 6 наурыз күні болды. Осы апатқа байланысты тергеу басталды, соның қорытындысы бойынша кінәлі адам анықталады», - деп хабарлаған Ақмола облысының полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Ақмола облысында қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды

Новости партнеров