Бір адам аудандық ауруханаға түскен
Астана-Петропавл бағытындағы тасжолдың 447 шақырымында үш көлік бір-біріне соғылып, бір адам жараланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ақмола облысының полиция департаменті хабарлағандай, апат салдарынан «Киа», «Фольксваген» және «Лексус» маркалы үш көлік соғылған. Бір адам аудандық ауруханаға түскен.
«Оқиға бүгін 6 наурыз күні болды. Осы апатқа байланысты тергеу басталды, соның қорытындысы бойынша кінәлі адам анықталады», - деп хабарлаған Ақмола облысының полиция департаменті.
Оқи отырыңыз: Ақмола облысында қарақшылық шабуыл жасаған күдікті ұсталды