Астанада 22 жастағы жігіт көпқабатты тұрғын үйден құлап кетті

20.03.2025 12:57

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары барлық мән-жайды жан-жақты зерттеу мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр

Arjun Ramtel/unsplash.com/

Астанадағы Highvill тұрғын үй кешенінен жас жігіт құлап кеткені туралы ақпарат тарады. Қалалық Полиция департаменті мәйіттің табылғанын растады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

22 жастағы жігіттің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.

«Елордада 22 жастағы тұрғынның денесі табылған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары барлық мән-жайды жан-жақты зерттеу мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр», - деп хабарлады қалалық ПД.

Оқи отырыңыз: Алматыда мыңдаған бала Наурыз мерекесіне орай бір уақытта күй орындады