Олар бірқатар ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінді
Елордалық полиция қылмыстық топты ұстады. Қамалғандар арасында бірнеше рет сотталған криминалитет өкілдері де бар, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр. Мәселен қылмыстық топтың мүшелері жергілікті тұрғынды қорқытып, күш қолдану арқылы 5 миллион теңге мен Toyota маркалы жол талғамайтын көлікті тартып алған көрінеді. Сондай-ақ банктердің бірінен 6 миллион теңге тонаған.
"Қазіргі уақытта қылмыстық топтың барлық мүшелері қамауға алынды. Тергеу органдары олардың басқа да құқық бұзушылықтарға қатысын тексеріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп тексеру алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілерімен жүргізілуде", – деді ҚР ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Оқи отырыңыз: Ақмола облысында үш елікті заңсыз атып алғандар ұсталды