Астанада биіктен құлаған қыз жансақтау бөлімінде жатыр

18.02.2025 15:42

Ол 15-қабаттан секірмес бұрын хат қалдырған көрінеді

Астанада биіктен құлап кеткен 12 жастағы қыз жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дәрігерлердің айтуынша, жеткіншектің бірнеше сүйегі сынған және үшінші дәрежелі травматикалық шок алған. Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, ол 15-қабаттан секірмес бұрын хат қалдырған көрінеді. Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғап, болған жағдайдың нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

"Кәмелетке толмаған қыз баланың құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша ол биіктен құлаған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда", – деді Полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің бастығы Эльмира Шәуленова.

Оқи отырыңыз: Жомарт кенішіндегі қайғылы оқиға: комиссия мүшелері тергеу барысымен танысты