Аялдаманың әйнегін темір таяқпен әдейі сындырған тұрғын 30 тәулікке қамалды
Астана қаласының прокуратурасы құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік жөніндегі жұмыстың қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Заң және Тәртіп" идеологиясын жүзеге асыру аясында қала прокуратурасының үйлестіруімен полиция мен жергілікті атқарушы органдары вандализмге қарсы күрес жұмыстарын жалғастыруда.
"2024 жылы бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны және бүлдіргені үшін 337 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды, олардың 139 қамаққа алынды, 198 тұлғаға жалпы сомасы 17,8 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды", - делінген прокуратура хабарламасында.
Мысалы, 26 қараша күні түнде есірткі мастығымен аялдаманың әйнегін металл шыбықпен қасақана сындырғаны үшін астаналық тұрғын 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Басқа жағдайда, 37 жастағы қала тұрғыны күндіз 12 маусымда кіреберістің пластикалық есігіне зақым келтірген. Ол 25 тәулікке қамаққа алынды.
Осындай оқиға 16 қазанда сағат 14.30 шамасында Әуезов көшесінің бойында орын алды. 50 жастағы қала тұрғыны ЖШС кеңсесінің турникетін қасақана бүлдіріп, 60 мың теңгеге шығын келтіріп, оны толық өтеді. Ол 25 тәулікке қамаққа алынды.
Прокуратура қала тұрғындары мен қонақтарын бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру, егер бұл әрекетте қылмыс белгілері болмаса 60 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын немесе 30 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жазаға әкеп соғатынын ескертеді.
Оқи отырыңыз: МӘМС-ке төленген артық ақшаны қалай қайтара аласыз