Астанада екі қабатты ғимаратта өрт шығып, 3 адам уланып қалды

19.02.2025 20:48

Өрттың шығу себебі анықталуда

ТЖМ ресми телеграм каналы

Астанада Сарыарқа ауданындағы Жақып Омаров көшесінде орналасқан екі қабатты ғимараттың жертөлесінде өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жедел жеткен өрт сөндірушілер түтін басқан ғимараттан 3 адамды құтқарды. Өрт 20 ш.м. алаңда сөндірілді, себебі анықталуда.

Жану өнімдерімен улану белгілері бар үш адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді.

Оқи отырыңыз: Оқушылар тәттіден уланды: 9 бала ауруханада жатыр