Астанада ер адамды көлік қағып кетті

25.04.2025 12:00

Зардап шегуші қажетті медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді

Астанада ер адамды көлік қағып кетті. Оқыс оқиға Астанадағы Достық көшесінде болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жүргізуші рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кетті.

"Достық көшесінде жаяу жүргіншінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, Nissan маркалы көлікті басқарған жүргізуші рұқсат етілмеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан ер адамды қағып кеткен. Зардап шегуші қажетті медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді", — деп хабарлады Астана қаласының полиция департаменті.

Оқи отырыңыз: Алматыда жедел жәрдем көлігіне жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды